Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілдеде «Жастар» сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ашық жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді. Бұл туралы elorda.info хабарлады.
Айта кетейік, алдында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне елорданың 100-ден астам жұмыc берушісі жиналып, 3000-нан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 1000-нан астам жұмыс іздеуші қатысты.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 2900 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 99 адам - әлеуметтік жұмыстарға, 1861 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілген болса, қалған 940-тан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
№001 медалі: Елбасыға жаңа медаль тапсырылды
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы