Борышкердің мүлкі сатылып, түскен қаржы мұғалімдерге үлестірілді

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге 6 айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтардың еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді, - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы