20 Ақпан 2025 2025, 12:02
Фото: - Архив
"Борышкер блогерлер": Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді
Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде кеңінен таралған блогерлер мен олардың болжамды табыстары туралы тізімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ МКК баспасөзіне сілтеме жасап.

Ведомство бұл тізімнің ресми құжат емес екенін және жүргізіліп жатқан салықтық тексерулерге қатысы жоқ екенін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан тізім – мемлекеттік кірістер органдарының салықтық бақылау жүргізу аясындағы ресми актісі болып табылмайды, – делінген хабарламада.