21 Тамыз 2026, 08:05
Фото: Ресей ТЖМ-нің Сахалин облысы бойынша басқармасы
Бортта 7 адам болған: Ресейде Ан-3 ұшағы апатты жағдайда қонып, өртенді
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ресейдің Сахалин облысында Ан-3 ұшағы апатты жағдайда далаға қонып, өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТАСС агенттігінің жазуынша, оқиға Зональное ауылының маңында болған. Ресей ТЖМ-нің Сахалин облысы бойынша басқармасының мәліметінше, ұшақ бортында жеті адам болған.
Ұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін борттағы адамдардың барлығы дер кезінде эвакуацияланып үлгерген.
Ведомство мәліметінше, Ан-3 ұшағы әуе қорғанысы қызметіне тиесілі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.