Бортта 267 адам болды: Оңтүстік Корея жағалауында жолаушылар паромы жартасқа соғылды

Чеджудан Мокпхоға бара жатқан жолаушылар паромы 19 қараша кешке Чансан аралының маңында қайраңға соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті Kyeonggi Ilboга газетінің хабарлауынша, бортта 246 жолаушы және 21 экипаж мүшесі болған – барлығы 267 адам.

Газеттің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:17 шамасында (Қазақстан уақыты бойынша сағат 16:17) кеме су астындағы тастарға соғылып, тоқтаған. Жағалау күзеті оқиға орнына бірнеше қайық жіберді. Паромның жартасты жотада тұрып қалғаны анықталды, мамандар қазіргі уақытта корпустың зақымдануы мен суға кіруін тексеріп жатыр. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялауды жалғастыруда. Әзірге қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы хабарламалар түскен жоқ.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда 2014 жылы «Севол» паромының апатынан бері теңіз қауіпсіздігі ерекше маңызды мәселе болып келеді. Кеме елдің оңтүстік-батыс жағалауында аударылып, батып кетті, нәтижесінде 300-ден астам адам қаза тапты, олардың көпшілігі экскурсияға барған орта мектеп оқушылары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kyeonggi.com / дереккөз
Өзгелердің жаңалығы