Бородулихада 60 000 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді
Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Семей Орманы" МОТР ақпараты бойынша бүгін сағат 13:00-де Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілді.
Өртенген учаскенің ауданы 60 000 га құрады.
Тартылған күштер мен құралдардың көмегімен бұл өрт 14 маусымда сағат 21:00-де оқшауланды. Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына кеткен сәттен бастап оқиға орнында қайта өртену мүмкіндігін болдырмау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары кезекшілік (қарауылдау) ұйымдастырды. Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді. Өрт көлемінің одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшаулануы хабарланатынын атап өткен жөн. Бұл ретте, өрттің қайта жануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі, - делінген хабарламада.