Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланады
Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
25 мамырдағы жағдай бойынша орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жедел штаб құрылды. Жағдай ерекше бақылауда. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Орман алқабындағы өртті сөндіруге жел екпіні және батпақты жерлер кедергі келітіріп, техниканың қозғалысын қиындатты, - деді әкім Үкімет отырысында.
Оның атап өтуінше, өрт шалған аумақ - 3,5 мың гектар. Өртті сөндіруге 201 - техника, 8 - тікұшақ, 1 - өрт сөндіру пойызы және 852 адам жұмылдырылды.
Дегенмен сақтық шаралары мақсатында 277 адам туыстарының үйіне эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері эвакуациялау орнында бақылау жүргізуде. Бородулиха ауданында 331 орындық үш эвакуациялық орын жасақталды, - деді Ұранхаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы