Бүгiн 2026, 02:34
Фото: istockphoto.com
Борнео аймағында 7,1 баллдық жер сілкінісі болды
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық зиян туралы ақпарат жоқ.
Борнео аймағында 7,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қытайдың Синьхуа агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
German Research Center For Geosciences мәліметі бойынша дүмпулер жексенбі күні UTC сағат 16:57-де, 633 км тереңдікте болған. Эпицентрі Борнеоның солтүстік жағалау аймақтарында, соның ішінде Малайзия территориясында қатты сезілді.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық зиян туралы ақпарат жоқ.
Сондай-ақ сол күні Фиджи аралдары оңтүстігінде 6,2 баллдық жер сілкінісі тіркелген.