Борис Джонсон: COVID-19-бен күрес әлі аяқталмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропаның бірқатар елінде шектеу шаралары енгізілуде, деп хабарлады ru.euronews.com.
Қашықтан жұмыс істеу үшін, үйлену тойына, неке қию рәсіміне 15 адамнан артық адам жинамау, стадиондарға көрермен кіргізбеу және ең бастысы, кешкі сағат 20:00-де тамақтану орындарын жабу. Алдағы бейсенбіден бастап Англияда Ұлыбритания Министрлер кабинеті жаңа шектеулер енгізбек. Бұған Біріккен Корольдікте тәулігіне бес мыңға жуық жаңа вирус жұқтыру жағдайы тіркелгені себеп болып отыр.
Ел Премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, COVID-19-бен күрес аяқталмады.
Біз инфекцияны жеңетінімізге күмәнім жоқ. Бірақ қазір тәртіп сақтап, ортақ мүддемен өмір сүретін уақыт. Бұл стоицизм рухы бізге барлық қиындықты жеңуге көмектесуі керек, - деді ол.
Данияда да барлар жұмыс уақытын шектеді, себебі барға кешірек келушілер әлеуметтік қашықтық шараларын ұмытып кетеді.
Бавария билігі халықты тәртіпке шақырып, қатаң режимнің қажеттілігі мен талаптарды мұқият сақтаудың маңыздылығын еске салды. Аталмыш федералды аймақтың Премьер-министрі Маркус Зедер брифингте үнемі маска тағып, ішімдікті азайту және қарым-қатынасты шектеу керегін айтты.
Дүйсенбіде Италия жеті аймақта, соның ішінде Парижде және Көгілдір жағалауда тұратын француздар үшін теріс сынама анықтамасы міндетті түрде болуы керек деген талап енгізді. Егер тиісті құжат болмаса, сынаманы шекаралық бақылау пункттерінде, әуежайларда, вокзалдарда және автомобиль жолдарында тапсыруға болады.