Борис биліктен кетсе де Зеленскиймен байланысын үзбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритнаия премьер-министрі Борис Джонсон Даунинг-стриттен кетпей тұрып Киевке тағы барғысы келеді.

Бұны  The Telegraph жазды.

Басылымның дерегінше,  Джонсон үшінші рет Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге ниетті.

Борис Джонсон Зеленскийдің үлкен қолдаушысы ол жауапкершілік жүгін жақсы сезінеді. Ол жай ғана кетіп қала алмайды. Бәрі тыныш күйде қалатынына көзі жетпейді, - деп жазды басылым тілшісі.

Еске салайық, Джонсон сәуір және маусым айларында Киевте болған еді.

The Sunday Times ақпарат көздерінде Борис Джонсон алдағы уақытта Ұлыбритания премьер-министрі қызметіне қайта оралуға тырысады деп хабарлаған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы