12 Наурыз 2026, 21:50 Фото: freepik

Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды

Аталған жолдарды 13 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында 12 наурыз сағат 20:20-дан бастап Үшарал – Достық автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылы – Достық станциясы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 13 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ 12 наурыз сағат 20:00-ден бастап Ақтөбе облысы мен Қостанай облысы аумағында да жолдар жабылды.

Атап айтқанда, Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының:

  • 89-234 шақырым аралығы (Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы);
  • 234-455 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Тобыл ауылы) уақытша жабылды.

Аталған жолдарды 13 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.