Боранды күндері 5 мың шақырымнан астам жолдың қары тазартылды - ҚазАвтоЖол
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 9-14 наурыз аралығында еліміздің 10 облысында көліктің барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүруге 45 рет шектеу енгізілді.
Жолдарды қардан тазалау үшін 600-ден астам арнайы техника мен 1 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды. Нәтижесінде 5 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жол қардан тазартылды, - делінген ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы туындаған сәттен бастап ҚазАвтоЖол ҰК АҚ тәулік бойы жұмыс жасайтын бірыңғай call-орталығы (1403 қысқа нөмірі бойынша) 2 мыңнан астам қоңырау өңдеді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық. Қысқы күтіп ұстау жұмыстары күшейтілген режимде екі ауысымда жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы