Боран, жауын-шашын: Атлант циклонының әсерінен алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

Атлант циклонының әсерінен алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде боран соғып, қатты жел тұрады.

Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. 

Сонымен қатар Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. 

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, Көрсеткіштер климаттық норма аясында сақталады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы