Боран, тұман және көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Ертең, 21 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа, ал Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қалың қар мен боран Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан облыстарының таулы және шығыс аудандарында күтіледі.

Боран Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей бөлігінде болжанып отыр.

Тұман мен көктайғақ Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола облыстарында байқалады.

Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында жол қозғалысы қиындауы мүмкін. Құтқару қызметтері тұрғындарды алыс жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы