Ертең еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысында 13 қаңтарда таңертең және күндіз кей жерде тұман түсіп, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы - 85-90%.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болады, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метр болады.  

Синоптиктер 13 қаңтарда Оралда күндіз боран, батыстан жел соғады деп болжап отыр. Екпіні секундына 18 метрге жетеді. 

Қостанай облысында және Қостанай қаласында тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. 

Қызылорда облысында, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы