Боран, қатты жел: Астанада әуе рейстері кешігіп жатыр
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты елордалық әуежайда әуе рейстері кешігуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Air Astana әуе компаниясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, 6 қарашада кешкісін Астанадан ұшуға тиіс рейстер күн райының бұзылуына байланысты кешіктіріліп жатыр. Атап айтқанда, оған ұшақтарды қатуға қарсы өңдеу жүйесіне кедергі келтіретін күшті жел себеп болған.
Ұшатын рейсіңізді әуежайға шығар алдында әуе компаниясының сайтынан тексеріп алуыңызды өтінеміз, - деп атап өтті әуе компаниясынан.
Еске сала кетейік, бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2025 жылы отандық өндірісте 22 000 жаңа жұмыс орны ашылды
Өзгелердің жаңалығы