Боран, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

19 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астанада түнде қарлы боран соғады. Көктайғақ күтіледі. Таңертең оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Абай ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні - 23 м/с.

Ақтөбе облысында қарлы боран соғады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында - 15-20 м/с, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста - 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында шығыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыста, облыстың таулы аймақтарында көктайғақ болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстікте солтүстік-батыстан, шығыстан жел соғады, облыс орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, солтүстіктен оңтүстік-батыстан соғады, облыс орталығында - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Батыста солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20.

Павлодар облысының батысында және солтүстігінде бұрқасын күтіледі, күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні - 23-28 м/с.

Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында қар жауады.

Күндіз Ұлытау облысының батысында және солтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауады. Түнде батыста, солтүстікте, облыс орталығында қарлы боран, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы