Боран, көктайғақ: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді.

Батыстан шығысқа ауысатын циклон ықпалында тек батыс облыстар ғана болады. Фронт әсерінен республиканың кейбір облыстарында қар жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман күтіледі.

Солтүстік жартысында республикада кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы