13 Ақпан 2024 2024, 08:01 Фото: BAQ.KZ архив

Боран, көктайғақ: 13 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сейсенбі, ақпанның 13-і ел аумағында қандай ауа райы күтілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Сейсенбі, ақпанның 13-і күні ел аумағында қандай ауа райы күтілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклонның жотасы әсер етеді.

Соның салдарынан күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс, және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі, - делінген хабарламада.