Боран кезінде тірідей көміліп қалған қойлар қар астынан шығарылды
Батыс Қазақстан облысында боран кезінде қар астында тірідей көміліп қалған қойларды қожалық иелері күрекпен қазып шығарған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде қалың қарға батып, қозғалыссыз қалған малды ауыл тұрғындарының қазып алып жатқан сәті түсірілген видео тарады.
Белгілі болғандай, бейнежазба Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында түсірілген. Өңірде бірнеше күн бойы қатты боран соққан.
Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Қазіргі уақытта қырылған мал және фермерлік шаруашылыққа келтірілген шығын көлемі туралы ақпарат түспеген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан аумағынан ауқымды циклон өтіп, аяз, қар, жаңбыр және боран соғатыны хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Делиге қонған Air Astana жолаушылары орынсыз және сусыз қалды
Өзгелердің жаңалығы