Борамбаев биылғы «Айбын» жиынындағы ерекшеліктер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Борамбаевтың айтуынша, алты жыл ішінде алғаш рет тұрақты негізде «Жас Сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы іске қосылады.Қатысушы командалардан басқа онлайн-жиындағы жеке сайыстарға «Айбын» мобильдік қосымшасында тіркелген және конкурс пен жарыс шарттарын орындаған 14-18 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Екіншіден, жиынның бағдарламасына екі жаңа сайыс қосылды. Атап айтқанда, «Жас Сарбаз – жас тілшісі» жас тілшілер сайысы мен тоғыз-құмалақ ұлттық ойынынан онлайн-турнирі, - деді ол.
Бұл әскерге шақырылуға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу үшін құрылған жұмыс алаңы. Бұл орталықта «Айбын» жиынының фронт-офисі, брифинг залы және «Жас Сарбаз медиа» студиясы орналастырылады. Байқау барысын веб-сайт және «Айбын» мобильді қосымшасы арқылы интернет-қолднушылары бақылай алады. Бұл сайыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Жиын туралы жалпы ақпарат, тұжырымдама, ереже, жарыс регламенті, конкурстар, жиынды өткізу бағдарламасы, оқыту мен емтихан платформасы орналастырылған онлайн-платформа әзірледік, - деді ол.
Бұған дейін биыл «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны қалай өтетінін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
QazVас қандай штамдарға қарсы тұра алады?
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы