"Бомбалау ұнамайды". Трамп Ресейге ескерту жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдай бойынша Ресеймен келіссөздердің жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алайда Трамп Ресей әскерінің жасаған «соққыларын» ұнатпайтынын жеткізді. Бұл туралы ол Air Force One ұшағында журналистермен әңгіме барысында айтқан.
Біз Ресеймен сөйлесіп жатырмыз, олардың мұны тоқтатқанын қалаймыз. Маған бұл бомбалаулар ұнамайды. Олар тоқтамай жалғасып жатыр, — деді Трамп.
Ол қақтығыс барысында адам шығыны көп екенін атап өтіп, егер бұған дейін өзі президент болғанда, бұл соғыс мүлде басталмас еді деген пікірін тағы да қайталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Доллар 518 теңгеге жетті: Экономист үш басты себепті атады
Өзгелердің жаңалығы