Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда орналасатын антициклонның ықпалынан ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық және 1…4°С-қа төмен бірқалыпты аязды және айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қауіпті құбылыстардан, түнгі және таңғы уақыттарда жолдың көрінуін 100...500 м дейін нашарлататын бұрынғыдай тұман және көктайғақ болады, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы