"Больничный": Қазақстанда аурухана парағы енді электронды форматта болады

Денсаулық сақтау министрлігі уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен оның анықтамасын беру ережелеріне өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы құжаттарды оңтайландырып, оның ішінде қағаз құжаттарды азайту аясында еңбекке жарамсыздық парағы мен уақытша еңбекке жарамсыздық сияқты анықтамаларды электронды форматқа ауыстыру көзделіп отыр, - деп түсіндірді министрлік.  

Қазіргі уақытта «Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру» қызметі электронды да, қағаз түрінде де ұсынылады.  

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық мекемелермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету, сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыру.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ауруханалар мен мектептердегі тамақтану стандарттарын қайта қарайтынын хабарлаған едік.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы