"Болмаса күте тұрам". Хайме Мунгия GGG-мен жұдырықтасу арманы екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу басты мақсаты екенін мәлімдеді.
Vesti.kz сайтының мәліметіне қарағанда, тараптар мамырда кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізген, алайда, одан нәтиже шықпады.
Бізде жұдырықтасуға сан мүмкіндік болды. Олай болмады, не себеп - білмеймін. Бірақ ол дайын еді деп ойлаймын. Бұл айқасқа қызығушылығым үлкен. Мені ең мықтылардың бірі есептеу үшін онымен жұдырықтасқым келеді. Жыл соңына дейін немесе келесі жыл басында Головкинмен жекпе-жек өткіземіз деген үміттемін. Әлем чемпионы атағына жақын қалдық. Барлық заңды ұйымдардың биігіндеміз. WBC рейтингінде бірінші тұрмын. Біз кез келген чемпионмен айқасуға дайынбыз. Биыл осыған қолжеткіземіз деп үміттенемін. Олай болмаса, күте тұрамыз, - деп береді Мунгияның сөзін DAZN.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы