Болливудтың "романтика королі" Шахрукх Кхан миллиардерлер қатарына қосылды
Болливудтың "романтика королі" Шахрукх Кхан алғаш рет миллиардерлер қатарына қосылды. Hurun India Rich List 2025 дерегінше, актердің байлығы 1,4 млрд долларды құрайды. Ол әлемнің ең бай жұлдыздарының бірі атанып, Рианна, Тайгер Вудс және Тейлор Свифт сынды атақты тұлғалардың қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Осылайша, Кхан әлемдегі ең бай танымал тұлғалар қатарында Арнольд Шварценеггер, Рианна, Тайгер Вудс және Тейлор Свифтпен бір қатарға шықты.
Кханның негізгі табысы оның Red Chillies Entertainment продюсерлік компаниясы мен Knight Rider Sports крикет клубындағы үлесіне тиесілі. Бұған қоса, ол киноға түсу, жарнама келісімдері және жылжымайтын мүлік инвестицияларынан да қомақты табыс табады.
"Болливудтың романтика королі" атанған актер үш онжылдықтан бері үнді киноиндустриясында еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда ол тек актер ғана емес, табысты кәсіпкер әрі спорт клубының иесі ретінде де танымал.
Биылғы тізімге Болливудтың басқа да жұлдыздары кірді: актриса Джухи Чавла (880 млн доллар), актер Ритик Рошан (260 млн доллар), режиссер Каран Джохар (200 млн доллар) және Амитабх Баччанның отбасы (183 млн доллар).
Үндістандағы жалпы миллиардерлер саны 350-ден асып, елдегі ең бай адамдар тізімінде Мукеш Амбани мен Гаутам Адани көш бастап тұр.