Боливияда төтенше жағдай жарияланды

Боливияда тоқтаусыз жауған жауын-шашыннан ел астанасы Ла-Пасты су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Тасқыннан жақын маңдағы елді мекендер де зардап шеккен. Мыңдаған үй су астында қалды. Электр желісіне зақым келіп, су құбыры істен шыққан. Қалада қозғалыс қиындап, жүріс шектелді. 

Елде төтенше жағдай режимі жарияланды. Құтқару жұмыстарына мыңдаған техника мен 3 мыңнан астам әскер жұмылдырылды. Олар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Табиғи апаттан 1 адам көз жұмды. 

Ал жауын-шашын маусымы басталған қаңтар айынан бері 50-ден астам кісі опат болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы