Боливияда орман өрті өршіп тұр

Бір тәуліктің өзінде 20-ға жуық өрт ошағы оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды. Өрт сөндірушілер Санта Крус аймағындағы тілсіз жаумен бірнеше ай бойы арпалысып жатыр. Жергілікті билік өкілдері тамыз айында аймақта 13 мың 900 өрт ошағы тіркелген айтып отыр. 

Бүгін елдің таулы аймағында қар жауды. Ұлттық гидрология және метеорология қызметі батыс аудандардағы температура нөл градусқа түскенін хабарлады. Бұл өңірде сирек болатын табиғи құбылысқа аптаптан шаршаған тұрғындар, әсіресе өрт сөндірушілер ерекше қуанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы