Боливияда дәрігерлер шеруге шығып, полициямен қақтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Боливия астанасы Ла-Паста медицина қызметкерлері шеруге шығып, полициямен қақтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ақ халатты жандар ел президенті 17 ақпанда қол қойған заңға қарсы бас көтерген. Сол құжатқа сәйкес денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияланған болатын. Дәрігерлердің ашу-ызасын тудырған тағы бір мәселе – жаңа заң бойынша шетелден медицина қызметкерлерін ақылы жұмысқа алуға болады. Негізі бұл наразылық шеруі 19 ақпанда басталған.
Бүкіл ел болып президент енгізген заңды айыптаймыз. Осындай ақылға сыйымсыз құжат қабылдап, зиян тигізуді, әділдікті бұрмалауды тоқтатуды талап етеміз. Елдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Бізге түбегейлі өзгеріс керек, – дейді медицина қызметкерлері одағының өкілі Фернандо Ромеро.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гүлшара Әбдіқалықова Литва елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесті
Өзгелердің жаңалығы