Болгарияда тағы шеру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздік қызметкерлері 80 тәртіп сақшысының зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлады Balkan Insight.
Болгарияның София қаласындағы парламент ғимаратының жанында өткен наразылықта қауіпсіздік күштері 126 адамды ұстады. Полиция қақтығыс кезінде 80 құқық қорғау қызметкері зардап шеккенін мәлімдеді. Ал, дәрігерлер 60 наразылық білдіруші мен 30 полицейді тексергенін хабарлады.Еске сала кетейік, Болгарияда шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Наразылықтар 9 шілдеде Борисов үкіметін сынға алған Радев әкімшілігінде тінту жүргізгеннен кейін басталды. Министрлер кабинетінің отставкаға кетуінен басқа, шерушілер жаңа парламенттік сайлау өткізуге талап қойған. Келесі кезекті сайлау 2021 жылы Болгарияда өтуі керек.
Бұған дейін Болгарияда полиция наразылық білдірушілердің шатырларын қиратқан болатын. Ал, өткен түнде мұндай шатырларды бұзу әрекеттері Болгарияның үш қаласында өтті. Адамдардың жеке заттарын алуға бірнеше минутқана уақыты болды, содан кейін қауіпсіздік күштері барлығын жүк көліктерімен алып кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы