1 Сәуір 2021 2021, 18:51

Болгарияда сотталған қазақстандықтар жазасын елде өтей алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.