25 Қазан 2026, 16:13 Фото: pixabay.com

Болгарияда президент сайлауы басталды

Сайлауға 27 үміткер қатысып жатыр.

25 қазанда Болгарияда президент сайлауында дауыс беру басталды.

АЗЕРТАДЖ таратқан мәліметке сәйкес, ел бойынша сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды. Мемлекет басшысы лауазымына 27 үміткер таласып жатыр.

Дауыс беру үшін ел аумағында 12 мыңнан астам сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Болгарияда шамамен 6,6 миллион азаматтың дауыс беру құқығы бар.

Шетелде тұратын Болгария азаматтары да сайлауға қатыса алады. Олар үшін 60 мемлекетте сайлау учаскелері ашылған.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Сайлаудың ресми қорытындысын 27 қазанда жариялау жоспарланып отыр.

Бұған дейін қажет болған жағдайда сайлаудың екінші кезеңі 1 қарашада өтетінін хабарлаған едік. Болгария Конституциясына сәйкес, үміткерлердің ешқайсысы қажетті дауыс санын жинай алмаса, жеті күн ішінде қайта дауыс беру өткізіледі. Оған сайлаушылардың ең көп қолдауына ие болған екі кандидат қатысады.