Болгарияда мыңдаған адам зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты
Болгария астанасында мыңдаған адам сот ғимараты жанында шеруге шықты. Демонстранттар әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай наразылық акциясы елдің 40-тан аса қаласында өткен. Шерудің басталуына Стара-Загора қаласында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің өлімі себеп болған. Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр.
Жақында Болгарияның Ұлттық статистика институты зерттеу жариялады. Оған сай, елде қыздардың үштен бірі балалық шағында ата-атанасы тарапынан физикалық немесе эмоционалдық зорлық-зомбылықты бастан кешірген. Әрбір бесінші әйел жақын серігінен түрлі жәбір көретіндігі жарияланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы