Болгарияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Болгария алғашқы екі адамның коронавирус жұқтырғанын растады. Бұл туралы Болгариялық телеграв агенттігі хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, вирусты жұқтырғандар жөніндегі мәліметті коронавирустың таралуына қарсы құрылған ұлттық жедел штабының өкілі Венцислав Матафчийски баспасөз мәжілісі кезінде айтқан.

Сондай-ақ коронавирус алғаш рет Молдовияда да тіркелген. Ол сенбі күні Италиядан ұшып келген 48 жастағы әйелден анықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы