Болгарияда бір жылда үшінші рет парламент сайлауы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгария президенті Румен Радев келесі парламент сайлауы өтетін мерзімді атады. Бұл елде бір жылда өтетін үшінші сайлау болмақ.

БТА агенттігі хабарлағандай, парламент сайлауы президент сайлауымен бір күнде, яғни 14 қарашада өтеді.

Мен парламентті ертерек таратып жіберемін де, қос сайлауды қатар өткіземін...Осылайша біз ақшаны да үнемдейміз, - деді Радев.

4 сәуір және 11 шілдеде өткен екі сайлау қорытындысы бойынша бұрынғы премьер Бойко Борисовтың Граждане за европейское развитие Болгарии (ГЕРБ) партиясы, Болгар социалистік партиясы және үш саяси ұйым коалицияға жаңа серіктес таба алмады.

2021 жылдың мамырынан бастап Софияда билік басында өтпелі үкімет қызмет атқарып келеді. Оны ел президенті сәуірдегі сайлаудан кейін тағайындаған.

58 жастағы бұрынғы ұшқыш, әрі ішкі әскердің экс-қолбасшысы Румен Бадев 2016 жылы мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымға тағайындалды. Оның өкілеттігі 2022 жылдың қаңтарында аяқталады. Радев президент сайлауына тағы қатыспақ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы