Болгария билігі елде төтенше жағдай жариялады

Болгарияның солтүстік-шығысында қалың қар түсіп, көптеген жол апаты тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 36 кісі жарақат алды. Мыңдаған үй жарықсыз отыр. Жолдар жабылып, қалада қозғалыс шектелді. Бұл туралы Балқан елінің премьер-министрі мәлімдеді. Оның сөзінше, толассыз жауған қардың арты қатты дауылға ұласқан. 

Желдің жоғары екпінінен ағаштар жерге құлап жатыр. Көліктер жолда қарға батып қалған. Әсіресе, солтүстік-шығыстағы 4 аймақта қауіп деңгейі жоғары. Жергілікті билік елде төтенше жағдай жариялады. Қазір 300-ге жуық білім ұйымдарында жұмыс тоқтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы