Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерін қорғау керектігін айтты
Ермағанбет Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерін қорғау керектігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадаларына қауіп төнген жағдайда құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл алгоритмін қабылдау қажеттігі айтылды.
Өңір басшысы жедел жәрдем жүргізушісіне зақым келтірілген оқиғаны өрескел деп атады.
Бұл азаматтың орналасқан жері көп кешіктірмей анықталады. Жақын арада полиция оны табатынына сенімдімін. Біздің азаматтар жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарайтынын білемін. Алайда, кейбір адамдардың шыдамдылық танытпауы жалпыадамзаттық құндылықтардан, сыйластықтан, гуманизмнен жоғары болып тұрған тұлғалар да бар. Жедел жәрдем қызметкерлеріне және жалпы тұрғындардың әл-ауқаты мен өмірін өлімнен арашалап қалатын басқа да маңызды салаларда жұмыс істейтін адамдарға қатысты кез келген осындай әрекеттер заң аясында жазаланады, – деді Ермағанбет Бөлекпаев отандастарына.
Облыс әкімі тұрғындарды ережелерді сақтауға, жолдарда жедел жәрдем көліктерін өткізіп жіберуге, жанжалға жол бермеуге шақырды.
Еске салайық, әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның видеосы тарады. Әуелі ол жүргізушіге көлікті шетке қоймадың деп айтып, кейін оған қол көтерген. Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтқан болатын.