Бөлекпаев Қарағанды облысының су жүру қаупі бар учаскелерді тексерді
Қарағанды облысында су тасқынына қатысты жағдай тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Космомониторингтің мәліметінше, бүгінде өңір аумағының 25%-ы қар астында.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірге Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арнасы бойынша Қарқаралы, Бұқар Жырау, Шет және Абай аудандарының су тасу қаупі бар учаскелерін айналып өтті. Елді мекендердің жанындағы гидротехникалық құрылыстар, топырақ үйінділері мен бөгеттер зерттелді.
Қарағанда облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, белсенді су тасқыны процестері байқалмайды. Ақтоғай және Шет аудандарының солтүстік аумақтары, Бұқар жырау ауданының оңтүстік-батыс бөлігі, Осакаров ауданының батыс бөлігі және Нұра өзенінің арнасы бойынша Нұра ауданының солтүстік-шығыс бөлігінің аз бөлігі әлі де қар астында қалып отыр.
Қардың тез еруіне наурыздың басындағы жылы күндер, жауын-шашын, қалыптыдан төмен күзгі ылғалдылық жақсы әсер етті. Қардың белсенді еріп, сүзілуі мен жерге сіңуі байқалуда. Өзендердің арнасынан асуы мен су мөлшерінің артуы тіркелген жоқ, – деді Мұрат Қатпанов.
Облыс өзендерінде мұзды ұсақтау, бұрғылау және кесу жұмыстары жүргізілді. Бұқар жырау, Осакаров, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 17 учаске қамтылды.
4845 су өткізу құбырларын, 187 км каналдар мен арықтарды, 463 көпірді тазарту аяқталды. 143 км су бұру траншеялары жасалды.
Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан су ағызу штаттық режимде өтіп жатыр.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.