Болат Жәмішев: Алатаудың инфрақұрылымын мемлекет қамтамасыз етеді

Алатау қаласын дамыту негізінен жеке капиталды тарту есебінен жүзеге асырылады. Басқарудың жаңа моделі инвесторларға ұзақмерзімді болжамдылықты қамтамасыз ете отырып, барлық негізгі әкімшілік және экономикалық мәселелер бір орталықтан шешілетін бизнес үшін ерекше жағдай жасауға арналған. Бұл туралы Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Болат Жәмішев хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, салымдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір ірі кәсіпорын қызметінің шарттары жеке лицензияларда көрсетіледі, бұл құқықтық режимнің тұрақтылығына кепілдік береді. Қала осындағы өнеркәсіптік, логистикалық, ғылыми-медициналық және туристік аймақтар ықпалымен дамиды.

Алатау қаласында жай ғана салықтық жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақ құру көзделмегенін түсіну керек. Бұл Charter City деп аталатын модель, яғни қалаға қатысты барлық мәселе бір орталықтан басқарылады. Қаладағы аса маңызды инфрақұрылымнан басқа нысандар жеке инвестициялар есебінен салынады деп жоспарлануда. Негізгі мақсат – инвестиция тартуға ықпал ететін, еліміз үшін жаңа өндірістерді орналастыруға мүмкіндік беретін құқықтық және ұйымдастырушылық орта қалыптастыру, — деп атап өтті Болат Жәмішев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы