Болат Өтемұратов қоры Covid-19 анықтау үшін экспресс-тест алуға 200 млн теңге бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қор Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында анализ алу үшін мобильді пунктер ұйымдастырады.
Болат Өтемұратов қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавируспен күресу үшін 200 млн теңге бөлді.
Бұл қаржыны қор ағзада Covid-19 вирусының бар-жоғын анықтайтын экспресс-тестер жиынтығын алады және Денсаулық сақтау және басқармасымен бірлесе анализ алу үшін мобильді пунктер ұйымдастырады. Қор Қытай шығарған IgG/IgM класындағы экспресс-тестердің жиынтығын сатып алады. Бұл өнім Еуропалық одақ территориясында сертификациядан өткен, - деп жазылған қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қазгидромет" алматылықтарға ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы