Болат Бақауовқа қатысы бар кәсіпорынға қоқан-лоққы көрсету әкімнің жеке есеп айырысуы болған

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өткен баспасөз конференциясында «КХ КРОН-Агро» мекемесінің директоры Дидар Бейсембаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ақсу қаласының  әкімдігі мәселеге кіріспестен бұрын, назар салғылары да келмейді.

Менің туып-өскен ортам - Ақсу қаласы. Шынымды айтсам, шаруашылықпен айналысып, еңбек етуден бұрын үкімет өкілдерінің табалдырығын тоздырам деп ойламаппын. Толассыз тексерістер кәсібіміздің ілгерлеуіне кедергі келтіруде. Бұл жағдайдың басталғанына жарты жыл болды. Ақсу қаласының органдары мәселені шешпек түгілі, қарағысы да келмейді. Әйтпесе, көмектесу олардың міндеті ғой. Өйткені, біздің шаруашылық сол аумақта орналасқан, – деді Дидар Бейсембаев.

Айта кетейік, Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Әшімбетов қала тұрғындарының ферма туралы шағымдарына назар аударып, онымен қоса жергілікті автобазаның ауқымды аймаққа айналуына қарсы құжаттамаларды ұсынған болатын. Бірақ жеке шаруашылық иелері ешқандай негізсіз, дәлелі жоқ деп санайды.


Нұрлан Әшімбетов Ақсу қаласының әкімі ретінде бір ретте болсын жұмыс орнымызға келген жоқ. Оны өзіміз арнайы шақырған да болатынбыз. Бірақ шақыртуымызды қабыл алмады. Шаруашылық басталғаннан бері үш жыл ішінде біз фермамызға 6 миллиардқа жуық инвестиция құйдық. Бір миллиардқа жуық салық төледік. Бүгінгі таңда 150 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Пандемия уақытында жұмыс күшін сақтап, оны одан әрмен көбейту ойымызда бар. Бұған дейін ешқандай қиындықтар тумап еді, – дейді ЖШС директоры.

Кәсіпорын басшысы Ақсу әкімдігінің мұндай қадамдарға не үшін барып отырғаны туралы да жауап берді.

Бұл сұраққа жауап беруге қиналамын. Қандай мақсаттарының бар екенін білмеймін. Сөз басында да айта кеттім, Ақсу қаласының әкімі бірде-бір рет біздің фермаға келген жоқ. Неліктен осындай қарым-қатынас екенін өзіміз де түсінбейміз. Бұл жерде барлығын сот шешеді. 26 сәуір күні тыңдалым өтеді. Мен биліктің әділдігіне сенемін, – деді ол.

Сонымен қатар Дидар Бейсенбаев «КХ КРОН-АГРО» өндіріснен қала шетіне жағымсыз иістер келетініне шағымданған қала тұрғындарға жауап берді.

Жағымсыз иістің алдын алу үшін бірнеше рет ұсыныс жасадым. Біздің санитарлық аймағымызда аммиактың мөлшерін өлшесін, егер ол шектен шықса, біз де өз шараларымызды қабылдаймыз. Біз қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Жаңа вентильяция түрлері де, басқа да жабдықтарымыз да бар. Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесуге дайынмын. Бұған дейін жағымсыз иісті СЭС тексерген болатын. Бірақ аммиактың мөлшері шектен шықпаған еді. Соңғы рет былтыр қараша, қазан айларында тексерілген, – деді Дидар Бейсембаев

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы