Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты үйқамақта ұстау мерзімі мамыр айына дейін ұзартылды.

Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодардың мамандандырылған тергеу судьясының 2020 жылдың 10 сәуірдегі қаулысымен жедел-тергеу тобы жетекшісінің ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық жазалау қызметінің бастығымен келісілген Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың үйқамақта ұстау мерзімін үш айға (2020 жылдың мамыр айына дейін) дейін ұзарту жөніндегі өтініші қанағаттандырылды, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы