Болат Бақауов екі айға қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды. Мұндай шешімді Павлодардың мамандандырылған тергеу соты қабылдады.
Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты Болат Бақауовты екі ай мерзімге қамауға алуға шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болат Бақауовқа Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің 362 бабы 4-ші бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. Аталмыш баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді. Мұндай қылмыс жасағаны үшін мал-мүлкі тәркіленіп, 5-тен 10 жылға дейін сотталады және қандай да бір лауазымды атқаруға тыйым салынады.
Прокурор Рустам Сәдуақасов соттан Болат Бақауовты екі айға немесе 16 наурызға дейін қамауда ұстауды сұрады. Себебі облыстың экс-әкім бостандықта жазадан қашып болмаса тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.
Өз кезегінде Болат Бақауов өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтты.