Болат Ақшолақов мұнайды экспорттаудың баламалы жолдарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнайды тасымалдаудың альтернативті жолдарын айтты.
Бұдан бірер күн бұрын «Каспий құбыр желісі консорциумындағы» құбырдың бұзылуы мұнай экспортын 4-5 есеге азайтуы мүмкін екені айтылған еді.
Қандай альтернативті жолдар арқылы мұнайды тасымалдайсыздар? Қазақстан мұнай желісі арқылы қанша мұнайды экспортап отыр. Кейбір ақпарат көздерінде 18 млн тонна Ресей біздің ел арқылы Қытайға экспорттайды деп көрсетілген. Бұл ақпарат қаншалықты рас? - деп сұрақ қойды Qazaqstan телеарнасының тілшісі.
Болат Ақшолақовтың айтуынша, қазіргі жағдай қаржыда емес оны орналастыруда болып отыр.
Біріншіден, Атыраудан Самарға дейін баратын мұнай құбыры. Ол Ресей желісінің жүйесіне қосылу арқылы Қара теңізбен, Балтық теңізіне жететін желі. Осы құбырмен қосымша 6,5- 7 млн тонна өнімді қосымша жіберуге болады. Әрине, оның сапасы басқаша болады. Өздеріңіз білетіндей, CPC Blend деген – КТК құбырынан шығатын мұнай. Қазіргі жағдай қаржыда емес оны орналастыруда болып отыр. Екінші мұнай желісі бұл Ақтау теңіз порты бұл арқылы 5 млн тоннаға дейін қазіргі уақытта жіберуге болады. Үшінші жолы мұнайды теміржолмен жеткізуге болады. Өкінішке қарай бүгінгі таңда бізде теміржол вагондары шектеулі. Мұның себебі көп. Олар ішкі нарықтада пайдалы вагондар, - деді Энергетика министрі.