Болат Ақшолақов ACWA Power Company өкілдерімен кездесті
2022 жылғы 9 тамызда Энергетика министрлігінде министр Болат Ақшолақов ACWA Power Company өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында тараптар Энергетика министрлігі мен ACWA Power Company арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жаңартылатын энергетиканы дамыту, маневрлік қуаттар салу, электр энергиясын жинақтау жүйелері мен гидроаккумуляциялық электр станциялары саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, меморандумға 2022 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары шеңберінде қол қойылды.
Сондай-ақ келіссөздер барысында тараптар ACWA Power Company компаниясының электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.