Болашақтықтар конституциялық реформаларды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов «Болашақ» халықаралық стипендиасының түлектері мен стипендиаттарымен онлайн кездесті.
Кездесуге қатысушылар «Жаңа Қазақстанды» құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылады.
Айбат Ілиясов Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құрудағы ауқымды саяси реформаларын өткізу жөніндегі бастамаларының маңыздылығын, сонымен бірге өзекті білімі мен дағдылары бар «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының жаңа формациядағы мемлекет пен қоғамды құрудағы негізгі рөлін атап өтті.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы еліміздің ең сәтті жобаларының бірі. Бүгінгі күні бұл бағдарлама түлектерінің саны 11 мыңнан асты және ол түлектерге әлеуметтік сатыға айналды. Әлемнің үздік университеттерінен білім алған түлектер мемлекеттік салаға қызметке орналасып, маңызды саяси лауазымдарды атқарып жүр. Сондай-ақ Президенттің жастар кадрлық резервінің үштен бір бөлігі осы болашақтықтар. Яғни олар түрлі салада бәсекеге қабілетті мамандардың біріне айналды десек болады, - деді вице-министр.
Айбат Ілиясов Президент өз Жолдауында «Жаңа Қазақстанды» құру бастамасын көтергенін атап өтті. Сонымен қатар «Жаңа Қазақстан» тек білім саласының мәселелерін ғана емес, жалпы еліміздің болашағын айқындайды.
«Жаңа Қазақстан» бастамасын көтерген Мемлекет басшысы жаңа мақсат қойды. Яғни еліміздің Ата заңына өзгерістер енгізу міндеті қойылды. Бұл мемлекеттік модель мен еліміздің саяси жүйесын толығымен өзгертеді. Енді қазақстандықтарға референдумда Конституцияға енгізілген өзгерістерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру міндеті қойылып отыр, - деп айтты БҒМ өкілі онлайн кездесуде.
Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары шетелдік саяси реформалар мен стратегиялық даму бағдарламаларының үздік тәжірибесін, сондай-ақ өзектілік пен жетістікке жетуді қамтамасыз ету мақсатында оларды жергілікті жағдайларға бейімдеуді талқылады.
Болашақтықтар әлемнің дамыған елдерінің мысалға келтіріп, Конституцияға енгізетін өзгерістердің маңыздылығын ортаға салды.
Өз кезегінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан АҚШ тәжірибесі және оны елімізде қолдану туралы айтып берді.
Іс-шараға АҚШ, Еуропа және Азия елдері үздік жоғары оқу орындарының 30-дан астам «Болашақ» стипендиаты мен түлегі қатысты.