"Болашақтың" неше түлегі борышын өтемей жүр

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек борышын өтемей жүрген "Болашақтың" түлектері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналист ғылым министріне "Болашақпен оқыған, бірақ борышын өтемей жүрген қанша түлек бар?" деп сұрақ қойды.

Өкінішке қарай борышын өтемей жүрген түлектеріміз бар. Былтыр ауқымды аудит жүргізілді. Қазір "Болашақ" бағдарламасының ақпараттық жүйесі мен шекара қызметінің базасы ұштастырылды. Енді кім қайда шықты, бүкіл ақпаратты дер кезінде біліп отырамыз. Борышын өтемей жүрген 200-300 аралығында адам айқындалды. Ондай түлектер бірден стипендиядан айырылады. Түлектер соттың шешімімен немесе екі жақты келісім арқылы ақшаны бюджетке қайтарады. Ол жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы