Болашақта Қазақстанда зейнетақы қалай төленеді?
Алдағы жылдары қазақстандықтардың зейнетақысы бірнеше көзден құралатын болады. Ынтымақты компоненті жоқ азаматтар үшін зейнетақы төлемдері мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші аударымдары есебінен қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БЖЗҚ ынтымақты компонент болмаған жағдайда зейнетақы неден құралатынын түсіндірді.
Болашақта азаматтардың зейнетақысы келесі бөлшектерден қалыптасады:
- Мемлекет төлейтін базалық зейнетақы;
- Қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтаушы зейнетақы;
- Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен (ЖМЗЖ) қалыптасқан шартты-жинақтаушы зейнетақы.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін енгізілді. Себебі олардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе өте аз, соған байланысты ынтымақты зейнетақы алу мүмкіндігі шектеулі.
Бұл зейнетке шыққанда жеткілікті зейнетақы мөлшерін алуға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан азаматы 34 жылдан бері отбасылы екенін кездейсоқ білді
Өзгелердің жаңалығы