Болашақта қазақ-қатар қатынастарын әрі қарай дамытуға дайынбыз – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Өздеріңізбен қонақжай қазақ жерінде жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Біз шейх Тәмиммен шағым құрамдағы кездесуімізде халықаралық күн тәртібінде көкейтесті мәселелер туралы пікір алмастық, ой бөлістік. Жалпы бұл отырыс нәтижелі өтті.Енді өздеріңізбен бірге екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамтыудың жолдарын жан-жақты талқылайтын боламыз. Құрметті шейх Тамим сіздің бүгінгі сапарыңыз осы байланыстарымызды одан ары өркендетуге тың серпін береді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Айтуынша, біздің ел Қатарды Таяу Шығыста ғана емес, әлемдік деңгейде маңызды рөл атқаратын мемлекет әрі халықаралық қауымдастықтың белді мүшесі деп санайды.

Қатар өңірдегі қоғамдық келісім мен бейбітшілікті, өркениеттер мен діндер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға зор үлес қосып отыр.Біз сіздердің тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы бастамаларыңызды жоғары бағалаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2023 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.

Бұл ерекше мерейлі белес. Осы мерзім ішінде біз тығыз ынтымақтасты орнаттық, сындарлы саяси диалог құрдық. Осының бәрі дәстүрлі достық пен берік әріптестікке негізделген. Астанадағы әл Фараби мешіті мен шейх Тамим атындағы білім ордасы осының айқын көрінісі. Сондай-ақ жуырда Алматы облысының Өтеген батыр кентінде перинентальды аурухананың құрылысы басталды. Біз Қатар мемлекетінің елімізді көркейтуге қосқан үлесі мен жан-жақты қолдауын ешқашан ұмытпаймыз. Шын жүрегімізден алғыс айтамыз. Болашақта да қазақ-қатар қатынастарын әрі қарай дамытуға дайынбыз, – деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы