6 Тамыз 2025 2025, 11:22
Фото: pixabay.com
Болашақта қай мамандықтарға сұраныс артады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямыздың ресми сауалына берген жауабына сәйкес, 2025–2035 жылдар аралығында ел экономикасына шамамен 2,98 миллион маман қажет болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямыздың ресми сауалына берген жауабына сәйкес, 2025-2035 жылдар аралығында ел экономикасына шамамен 2,98 миллион маман қажет болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл көрсеткіш орта мерзімді еңбек нарығы болжамы аясында жасалған.
Министрлік мәліметінше, кадрларға деген жиынтық сұраныстың:
- 28%-ы немесе 825 мың адам нақты секторда қалыптасса,
- 72%-ы немесе 2 миллион 153 мың адам қызмет көрсету саласына тиесілі болады.
Қызмет көрсету саласындағы мамандарға сұраныстың негізгі бөлігін қоғамдық қызмет көрсету саласы құрап отыр. Атап айтқанда:
- Білім беру саласында – 448 мың маман,
- Денсаулық сақтау саласында – 240 мың маман қажет болады.
Сонымен қатар, шамамен 634 мың адамға деген сұраныс бизнес-қызметтер саласына тиесілі болмақ. Бұл сала:
- Әкімшілік және қосалқы қызметтерді – 170 мың адам,
- Қаржы және сақтандыру саласын – 166 мың адам,
- Кәсіптік және ғылыми қызметтерді – 160 мың адам қамтиды.